Әскерден алып қалғаны үшін ақша алып отырған. Тергеу аяқталды

10 Қаңтар 2024, 16:41
2953
Бөлісу:
Әскерден алып қалғаны үшін ақша алып отырған. Тергеу аяқталды
Фото: Сырым РАХИМБЕКОВ - архив

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің брифингінде агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жасақтау бөлімінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол әскерге шақырылушыларға мерзімді әскери қызметтен кейінге қалдырғаны үшін адамдардан бірнеше рет пара алу бойынша күдікті, - деді ол.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Сондай-ақ ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚК департаментімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша Өскемен қаласы Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің лауазымды тұлғаларын және басқа да адамдарын жемқорлық әрекеттері үшін әшкереледі, - деді Арман Тілеукенов.

Олар мамандандырылған тұрақтардан автокөлік құралдарын беру кезінде жүйелі түрде пара алу бойынша күдікті.

Өскемен қаласының әкімшілік полиция бөлімінің бастығы соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталу сатысында

Өзгелердің жаңалығы