Ұлттық ұланының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бас басқармасының бастығы полковник Нұрбай Бектұрсынов әскери қызметшілердің қауіпсіздігін назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Ұлттық ұланның әскери қалашықтары 216 бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, оның 51 жиынтығы — "Ұлан" жүйесі және 165 жиынтығы – жеке жабдықталған бейнебақылау жүйелері. Жалпы, 3218 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Жыл соңына дейін әскери қалашықтарда тағы мың бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда.
Ұйымдастырушылық шаралардан басқа, офицерлердің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және психологтардың кәсібилігін арттыру мақсатында психологиялық денсаулық саласындағы жетекші ұйымдармен меморандумдар жасалды.
Біз командирлерінің суицид көріністерін ерте анықтау дағдыларын арттыру және үйрету, сондай-ақ отбасылық - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, құмар ойындар (лудомания), суицидтер, әскери қызметшілердің эмоционалды күйзелісінің алдын алу мәселелерін шешу бойынша жұмыс істейміз, - деді спикер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар әскери бөлімдерге күш ведомстволарының психологтары, психикалық денсаулық орталықтарының психиатр-дәрігерлері, тәрбиеші - офицерлерінің қатысуымен көшпелі профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады, олардың барысында бөлімшелердегі моральдық-психологиялық ахуал зерттеледі, бейімделуде қиындықтарға тап болған әскери қызметшілер анықталады.
Командирлер мен бастықтардың жұмысында әскери қызметшілердің қаза болуының алдын алу, қауіпсіз әскери қызметті қамтамасыз етуге баса назар аударылады, - дейді Нұрбай Бектұрсынов.