Әскердегі әйелдер: Ұлттық ұланда 1478 әскери қызметші қызмет атқарады

Бүгінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының қатарында 1478 әйел әскери қызметші қызмет атқарып жатыр.

 Ұлттық ұлан Кеше 2026, 18:45
Кеше 2026, 18:45
309
Фото: Ұлттық ұлан

Бүгінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының қатарында 1478 әйел әскери қызметші қызмет атқарып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар ер азаматтармен иық тірестіре отырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, стратегиялық маңызы бар нысандарды күзету және құқықтық тәртіпті сақтау бағытындағы жауапты міндеттерді абыроймен орындап, дәстүрлі түрде ерлерге тән салада лайықты қызмет етуде.

Олардың кәсіби қызметі құқықтық тәртіп әскерлерінің негізгі бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, 240-тан астамы қаржы саласында қызмет етіп, бюджет қаражатының ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Шамамен 50 әскери қызметші байланыс бөлімшелерінде коммуникациялық жүйелердің үздіксіз жұмысын бақылайды.

80-ге жуық әйел әскери қызметші маңызды мемлекеттік нысандарды күзетуге жұмылдырылған, 50-і — авиация саласында қызмет етеді, ал 53 маман әскери қызметшілердің барлық санаттарының моральдық-психологиялық ахуалына жауап береді.

200-ден астам әйел офицерлік лауазымдарды атқарып, жоғары кәсібилік деңгейін, басқарушылық құзыреттері мен көшбасшылық қасиеттерін айқын көрсетіп келеді.

Погон таққан арулар Ұлттық ұланның жауынгерлік қабілетін нығайтуға және тиімділігін арттыруға сүбелі үлес қосып, Отанға қызмет ету ер мен әйел деп бөлінбейтінін күн сайын дәлелдеуде.

Наверх