Асқар Мамин жағымды көрсеткіштерді тізіп шықты

16 Наурыз 2021, 10:25
1319
Бөлісу:
Асқар Мамин жағымды көрсеткіштерді тізіп шықты

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкіметте өндеу өнеркәсібі саласын дамыту талқыланған болатын. Премьер-министр Асқар Мамин жағымды көрсеткіштерді тізіп шықты.

Үкіметке 2025 жылы өңдеу өнеркәсібінің өндірісін 1,5 есе арттыру міндеті белгіленген. Бұл салада даму бар. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша өсім 3,9%-ды құрады. Осы ретте жалпы ішкі өнім құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,7%-ға артты. Индустрияландыру картасының шеңберінде шамамен 1 трлн теңгеге 201 жоба енгізілді. 19 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны, оның ішінде 7 мыңнан астамы ауылдық жерлер мен моноқалаларда құрылды, - дейді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, бұл сектордың өндірушілеріне мемлекеттен 300 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Соның арқасында инвестициялар мен экспорт көлемі өсіп кеткен.  

Бұл саланың дамуына «Қарапайым заттар экономикасы» аясында жеңілдікпен кредит беру механизімі оң әсер етті. Соның арқасында бүгінгі таңда 700 млрд теңгеден астам сомаға шамамен 3 мыңға жуық жоба қаржыландырылды. Осы жұмыстың барлығын белсенді түрде жалғастыру керек. «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Ол бәсекеге қабілетті және жоғары технологиялық өнеркәсіпті қалыптастыруға бағытталған, - дейді премьер-министр.

Өзгелердің жаңалығы