Ashyq: Жасыл мәртебесі бар адам ПТР тапсырмай-ақ шекарадан өте алады

13 Мамыр 2021, 13:54
1838
Бөлісу:
Ashyq: Жасыл мәртебесі бар адам ПТР тапсырмай-ақ шекарадан өте алады

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ashyq» жобасын іске асыру тақырыбында өткен брифингте «Ashyq» қосымшасында жасыл мәртебесі бар қазақстандықтарға ПТР-тест тапсырмай-ақ ел шекарасынан өтуге рұқсат берілетіні айтылды.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Оразалина айтты.

Оразалинаның айтуынша, «Ashyq» қосымшасында шілде айына дейін жасыл мәртебені енгізу жоспарланған.

Жасыл мәртебесі бар қазақстандықтарға ұшу үшін ПТР-тест тапсырудың қажеті жоқ екенін жеткізді. Ол жасыл болып саналады. Сол себепті бұл жолаушы шетелден ұшып келсе, ПТР ұсынбай шекарадан өте алады, - деп түсіндірді ол. 

12 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы «Ashyq» жобасына қосылды. Енді жолаушыларды шығарып салатын және қарсы алатын азаматтар әуежай ғимаратына осы қосымшаның көмегімен еркін кіріп-шыға алады.

Еске сала кетейік, 26 сәуірде «Ashyq» қосымшасы еліміздің барлық өңірінде іске қосылды. 12 мамырдағы жағдай бойынша қосымшаны пайдаланушының жалпы саны 1 103 505-ті құрап отыр.

Өзгелердің жаңалығы