Ashyq қосымшасы вакцинация паспортымен қалай біріктіріледі? Министрлік жауап берді

21 Мамыр 2021, 12:59
2561
Бөлісу:
Ashyq қосымшасы вакцинация паспортымен қалай біріктіріледі? Министрлік жауап берді
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ЦДИАӨМ цифрлық шешімдер департаментінің директоры Бекболат Молдабеков журналистердің Ashyq қосымшасы вакцинация паспортымен қалай біріктірілетіні туралы сұрағына жауап берді.

Бұған дейін қосымшаны Мобильді азаматтар базасымен және Вакцинация паспорты сервисімен интеграциялау жұмыстары қолға алынғанын айтқан болатынбыз

Ashyq қосымшасы вакцинация паспортымен қалай біріктіріледі? Министрлік жауап берді

Енді министрлік өкілінің сөзінше, егер адам ПТР тапсырса, онда оның статусы 3 күн бойы Ashyq-та көрсетіліп тұрады.

 

Егер сіз ПТР тестін тапсырған болсаңыз, қосымшада үш күн бойы «жасыл» мәртебе болады. Бұл біздің бас санитарлық дәрігер мен Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған алгоритм. Вакцинацияға келетін болсақ, техникалық жұмыстар аяқталды. Жақын арада дайын боламыз. Өздеріңіз білетіндей, Денсаулық сақтау министрі 1 шілдеден бастап біз толығымен өтеміз деді.  Бірақ біз техникалық тұрғыдан дайын болғандықтан, тезірек іске қосуды ұсынғымыз келеді, - деді департамент директоры.

 

Ashyq қосымшасы вакцинация паспортымен қалай біріктіріледі? Министрлік жауап берді

Дәрігерлердің айтуынша, ПТР тапсырған адамдар қауіпсіз болып есептеледі. Сол себепті олардың мәртебесі 3 күн бойы «жасыл» болып тұрады. Яғни мұндай азаматтарда «жасыл» мәртебе тек үш күнге ғана созылады.

Ashyq қосымшасы вакцинация паспортымен қалай біріктіріледі? Министрлік жауап берді

Еске сала кетейік, Ashyq қосымшасы арқылы елімізде 2 500-ден астам «қызыл», 1 800-ден астам «сары» мәртесі бар адамдар анықталды.

Өзгелердің жаңалығы