«Ashyq»: Елордадағы боулинг орталықтары мен бассейндер қалай жұмыс істейді

4 Наурыз 2021, 18:07
1706
Бөлісу:
«Ashyq»: Елордадағы боулинг орталықтары мен бассейндер қалай жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ashyq» қосымшасы бассейндерде, боулинг орталықтарында және интернет-клубтарда қалай қолданылатыны туралы Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылған баспасөз туры кезінде көрсетілді.

«Ashyq» бағдарламасының негізінде бизнес иелері QR-кодты пайдаланып, ПТР ортақ базасымен интеграциялау арқылы келушінің мәртебесін анықтайды. Яғни коронавирус тасымалдаушы ма, жоқ па деген сауалды нақтылауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде бұл қосымша Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы қалаларында қосылған.

«Ashyq» жүйесі – коронавирустық инфекцияны тасымалдаушылар немесе байланыс жасайтын адамдарды анықтауға мүмкіндік береді. QR кодын сканерлеуге байланысты тағайындалған төрт статусы бар. «Ashyq» Денсаулық сақтау министрлігінің ПТР анализдерімен және байланыстарымен мәліметтер базасымен байланысты. Яғни бір кездері тест тапсырған адамдардың барлығы осы мәліметтер базасында. Келушілер нысанға кірген кезде QR-кодты сканерлейді. Сол кезде келушінің мобильді қосымшасында индикатор көрінеді. Қызыл түс - келушінің науқас екенін, сары түс - байланыста болғанын, ал жасыл түс – ПТР тест тапсырып, вирусқа анықталмағандығын білдіреді. Көк түс ПТР зерттеуден өтпегенін көрсетеді, - дейді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш. 

Оның айтуынша, «Ashyq» жүйесі – бұл бизнес үшін клиенттерінің қауіпсіздігін сақтау барысындағы қосымша іс-шараларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әрбір кәсіпкерлік субъектісі келушілерді дене қызуын өлшеу арқылы кіргізетіндігіне түсіністік танытуымыз қажет. Дене қызуын өлшеу - міндетті саналады. Адамда вирустың симптомдары болса, онда оны ішке кіргізбейді. Қазір елордада фитнес клубтар, спа-орталықтары, моншалар, интернет клубтары, боулингтер аталған жүйеге қосылған, - дейді Қуанышбек Мұқаш. 

Айта кетейік, фитнес-клубтар, бассейндер, спа-орталықтар, сауналар, интернет-клубтар, боулингтер «Ashyq» жүйесі бойынша жұмыс істейді.

«Думан» қонақ үйіндегі боулинг орталығының Мейіржан Жанғожиннің айтуынша, қосымша енгізілгеннен бері мекемеде қандай шаралар қолданылып жатқанын айтты.

Елімізде қатаң карантиндік шектеулер енгізілген 2020 жылдың 16 наурызынан бері жұмыс істеген жоқпыз. Осы уақытта қанша шығын шеккенімізді айта алмаймын, өйткені ол жеке мәлімет саналады. Ал «Ashyq» мобильді қосымшасы жұмыс істеуімізге мүмкіндік беріп отыр. Адамдар спорттың бұл түрін сағынып та қалды. Себебі боулинг ең алдымен көңіл көтеру түрі емес спорт саналады. Кешеден бері QR-код алып жұмыс істей бастадық. Келушілер болды, 30 адамға қызмет көрсеттік. Бәрінде де көк мәртебе болды. Қызыл және сары мәртебе болған жоқ. Арнаулы оқудан өттік. Оның барысында қызыл мәртебесі бар адамдарды мекемеге жібермеу керектігін, міндетті түрде санитарлық-эпидемиологиялық қызметке хабарлау қажеттігін түсіндік. Қызметтерге қауіпсіз қызмет көрсету үшін жұмыстар жүргізіледі. Әр ойыннан кейін боулинг шарларын арнаулы сұйықтықтармен тазалап отырамыз, - деді Мейіржан Жанғожин.

Өзгелердің жаңалығы