Ашық айта алмайды. Елекеев кәсіпкерлер кімнен қорқатынын айтты

20 Шілде 2022, 16:28
6180
Бөлісу:
Ашық айта алмайды. Елекеев кәсіпкерлер кімнен қорқатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы Ирак Елекеев мемлекеттік орган мен бизнес өкілдерінің кездесуінде айтты.

Көп кәсіпкер бізге арызбен келеді. Бірақ әрі қарай  сұраған кезде айтпайды. Оған әртүрлі себептер бар. Бизнесті жабу мемлекеттік қызметкерлердің қолында. Сол себепті де кәсіпкерлер ашық айтпайды. Мен талай осындай мәселемен кездестім. Мемлекеттік қызметкерлердің жағдайын көтеру керек. Онсыз Жаңа Қазақстан десек те, ашық ешкім айтпайды, - деді Елекеев. 

Ол атағандай, көп азамат жеңіл жолдарды тауып, әрекет жасағысы келеді. 

Мемлекеттік сатып алу жүйесінде де бірқатар кемшілік бар. Болашақта бұл мәселені жолға қою үшін заң бәрімізге бірдей болуы керек. Президент те олигополия туралы айтқан болатын. Кімнің қолында билік бар, олар барлық мәселені шешеді. Кәсіпкерлер ашық айтады деп айта алмаймын. Жаңа Қазақстанда халықтың сана-сезімі оянып, басқаша жұмыс істеуіміз керек. Ешкімнен қорықпай, ашық айта алуымыз керек. Жемқорлық кімге жақын болады? Салық комитеті. Кейбір облыста 100 мың, 200 мың доллар алып жатқан салық қызметкерлері бар. Жоғарғы сот судьясы 8 мың доллармен сотталды. Оның дәрмені жоғары. Бірақ салық комитетінде бизнесті жауып тастау құқығы бар, - деді Ирак Елекеев. 

Өзгелердің жаңалығы