Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, Ashyq жобасына кіру талаптарын жеңілдету қатысушылардың 3 есеге артуына себеп болған.
Сонымен қатар министр соңғы бір апта ішінде Ashyq жобасына кірген қатысушылар санына тоқталды.
Жобаға кіруге талаптарды жеңілдету қатысушылардың үш есеге өсуіне мүмкіндік берді. Атап айтатын болсақ, 27 шілде мен 2 тамыз аралығында Ashyq жобасының қатысушылары 21 900-ден 67 782-ге артқан. Ал мониторингтік топтар аталған жоба шеңберінде қатысушы болып табылатын 50 мың нысанды қамтыды, - деді Алексей Цой.
Сондай-ақ аталған қосымша арқылы нысандардағы бұзушылықтар анықталған.
Бұзушылықтар 642 нысанда анықталды. ҚР ЦДИАӨМ ұсынған деректерге сәйкес 10 шілдеден бері 16 663 бұзушы анықталған. Олардың ішінде 10 305 келушіде «қызыл» және 6 358 «сары» мәртебесі бар. Осылайша, 16 мың нысанда халыққа коронавирус инфекциясын жұқтырудан сақтандырылды, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін өткен Үкімет отырысында еліміздегі эпидемиологиялық жағдай айтылған болатын. Отырыс барысында ДСМ басшысы еліміздегі «дельта» штамын жұқтыру қарқынына тоқталды.