Ашығу қандай ауруларға ем болады?

9 Тамыз 2019, 12:09
3510
Бөлісу:
Ашығу қандай ауруларға ем болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көптеген мамандар ашығудың денсаулыққа пайдасынан гөрі зияны көп деп есептейді. Алайда, америкалық Бак университетінің мамандары бұл пайымдарды теріске шығарды.

grodno24.com деректеріне сүйенсек, аталмыш ЖОО ғалымдары жүргізген зерттеу жұмыстарына сәйкес, белгілі бір уақытқа тамақтан бас тарту мидың жұмысына жақсы әсер ететінін көрсеткен.

Мамандар зерттеу барысында жеміс шыбындарының дернәсілін қолданған. 

«Зерттеушілер жеміс шыбындарының дернәсілдерін бірнеше сағатқа ашықтырған. Үш сағаттан кейін дернәсілдердің синапстарының (нейрондар арасындағы байланыс) белсенділігі шамамен екі есеге төмендеген. Мамандардың айтуынша, бұндай әрекет мидың жұмысына пайдалы. Ол оған «демалып» және «қайта қуат алуға» көмектеседі», - делінген хабарламада. 

Осы орайда мамандар тәжірибе барысында қол жеткізген нәтижесінің жеміс шыбындарының дернәсілдеріне ғана емес, адамдарға да дәл солай әсер етуі мүмкін екенін айтты.

Мамандардың сөзінше, ашығу эпилепсия, ми функциясының бұзылуы тәрізді аурулармен күресуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жарты жыл бұрын Оңтүстік Калифорния университетінің зерттеушілері де осындай қорытындыға келген болатын. Олар алғашында тәжірибесін тышқандарға жасап көрген, кейіннен бұл экспериментке ерікті адамдар да қатысқан. Аталған зерттеу жұмысының нәтижесінде ашығу адам ағзасына шашыраңқы склерозбен күресуге септесетіні анықталды. 

Өйткені ашығудың салдарынан кортикостерон гормоны деңгейінің көтеріледі және қанның ақ түйіршіктерінің жұмысын жақсара түседі.

Ашығуға қатысты осы тәрізді зерттеулер көп жүргізілді. Зерттеу авторлары ашығудың біршама артықшылықтарын тапты. Мысалы, ашығу арқылы иммундық жүйенің жұмысы нығаяды, көңіл-күй көтеріледі, ұйқы жақсара түседі.

Өзгелердің жаңалығы