"Ашық диалог" порталында 100-ден аса ұйым басшыларының блогы ашылды

29 Маусым 2020, 11:36
1387
Бөлісу:
"Ашық диалог" порталында 100-ден аса ұйым басшыларының блогы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Ашық диалог" порталында 100-ден аса ұйым басшыларының блогы ашылды. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдында берген есептік кездесуінде айтты.

Маңызды бағыт – халыққа ақпаратты қолжетімді ету мәселесі. Бұл ретте, ақпарат бойынша заң жобасына бір бума өзгерістер дайындалып қойған болатын. Олардың негізгі көздеген міндеттері: мемлекеттік органдардың осы бағыттағы құзыретін, азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігі туралы президентке есеп беру мәселесін, әрбір мемлекеттік органда осы бағытқа жауапты қызметкерді тағайындау мәселесін және басқа да өзекті шараларды заң жүзінде бекіту, - деді Балаева.

Министр халықты шешім қабылдау үрдістеріне тарту үшін әкімдіктің ашық моделін жасалғанын айтты.

 Қазірдің өзінде мемлекеттік органдарға қарасты көптеген мекеме осындай модельмен жұмыс жасап отыр. Мәселен, 100-ден аса ұйым "Ашық диалог" порталында бірінші басшыларының блогын ашты. Сөйтіп, порталда көптеген ашық мәлімет жариялана бастады. Тағы бір атап өтетін жайт - қазір біз жалпақ елге ыңғайлы болуы үшін Мемлекеттік бағдарламалардың ортақ порталын жасап, іске қосудамыз. Бұл жерде Үкімет пен жергілікті органдар жүзеге асырып жатқан барлық бағдарламалармен түсінікті әрі қолжетімді түрде танысуға болады, - деді ол. 

Министр атағандай, ол да болса ел-жұрттың мемлекет пен қоғамның маңызды мәселелеріне тікелей араласып, түбінде азаматтық қоғамның өркениетті де өскен ортасын қалыптастыруға қосылған үлкен үлес.

Өзгелердің жаңалығы