АШМ тарапынан картоп өнімдерін елден шығаруға ешқандай кедергі болған жоқ

28 Қаңтар 2022, 21:53
1763
Бөлісу:
АШМ тарапынан картоп өнімдерін елден шығаруға ешқандай кедергі болған жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі шекарада вагондардың тұрып қалуына байланысты «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ ақпараты бойынша «Сарыағаш станциясы» кеден бекетінің қызметкерлері мемлекетаралық түйісу пунктінде 40 вагон картопты елден шығармай ұстағанын хабарлайды.

Алайда, көрсетілген тауарлар партияларына фитосанитарлық сертификаттарды тексеру кезінде АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекторлары олардың тыйым салу енгізілгенге дейін берілгені анықталды, осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан аталған тауарларды әкетуге ешқандай кедергілер болмағанын хабарлайды.

Яғни ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің іс-қимылы көкөністі әкетуге кедергі болған жоқ. Ауыл шаруашылығы министрлігінің пікірінше, бұл тауарлар заңнама нормаларына сәйкес болғандықтан ҚР аумағынан шығарылуы тиіс еді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша қазіргі уақытта аталған көлемдерді Қазақстан аумағынан шығару бойынша шаралар қабылданды.

Сондай-ақ бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысымен сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысында 2022 жылдың ақпанынан сәуіріне дейін (қоса алғанда) тауарлық және тұқымдық картопты квоталауды енгізу және сәбіз экспортына тыйым салуды жою туралы шешім қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы