АШМ субсидия төлеу тетіктерін түсіндірді

28 Қыркүйек 2022, 13:12
962
Бөлісу:
АШМ субсидия төлеу тетіктерін түсіндірді

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша брифинг өткізген АШМ басшысы Ербол Қарашөкеев саладағы субсидиялау мәселесі жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Саланы субсидиялаудың жаңа ұзақ мерзімді тәсілдемелерін дайындау жұмысын Мемлекет басшысының бұрын берген тапсырмасы аясында жүргізіп жатырмыз. Жаңа қағидаларды әзірлеу аяқталып қалды. Қазіргі уақытта оны арнайы құрылған жұмыс тобы аясында талқылау жүріп жатыр. Келесі жылдан бастап олар бойынша жұмыс істеу үшін оларды ағымдағы жылдың соңына дейін бекітуді жоспарлап отырмыз – деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, негізгі түйінді өзгерістер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялау бағыттары мен түрлеріне қатысты болады.

Қаржы құралдары бойынша субсидиялаудың барлық бағыттары қалады – бұл инвестициялық субсидиялау, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, сақтандыру жарналарын субсидиялау, сондай-ақ қарыздарды кепілдендіруді сақтандыру – дейді Ербол Қарашөкеев.

Ол сонымен қатар, қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ) субсидиялау бойынша 2 нұсқа қарастырылып жатқанын атап өтті.

Біріншісі – жоғары сыбайлас жемқорлықты ескере отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын субсидиялаудан бас тарту және оның орнына жабдықтарды субсидиялау нормативтерін арттыру. Екінші нұсқа – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын субсидиялауды қалдыру – дейді сала басшысы.

Министр өсімдік шаруашылығын субсидиялау бойынша бағыттар мен нормативтер қалатынын айтты. 

Қосарланған субсидиялауды болдырмау мақсатында бірегей тұқымдарды субсидиялаудан бас тарту ұсынылады. Мал шаруашылығы бойынша жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар субсидиялау түрлерін алып тастау, ал қалған түрлерін жүйелеу және бірыңғай түрге - селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты субсидиялауға біріктіру және сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту ұсынылады – дейді министр.

Ол бір литр сүтке қанша субсидия берілетінін айтты.

Сүт құбыры бар машиналық саууы бар субъектілер үшін сүт бойынша 1 литр сүтке бірыңғай нормативтерді белгілеу ұсынылады. Сонымен қатар, жаңа сүт-тауар фермаларын салу кезінде инвестициялық субсидиялар нормативтерін жергілікті атқарушы органдарға қолданыстағы инвестициялық субсидиялау нормативтеріне 25%-ға құқық беру жолымен арттыру, жергілікті бюджет есебінен тағы да 25%-ға дейін қосымша ақы төлеу ұсынылады – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы