Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі уақытта «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде 25 млн-ға жуық ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген. Базалық көрсеткіштер төлдің жыл сайынғы өсуін көрсетеді. Егер 2020 жылы 10,1 млн бас болса, 2021 жылы 12,1, ал 2022 жылы 13,1 млн бас жылына орта есеппен 11,8 млн бас туады. 2022 жылы республика аумағында алдын алу мақсатында 22 ауруға қарсы жануарларды қоса алғанда, жануарларды вакцинациялау бойынша 169,7 млн манипуляция жүргізілді, - деп атап өтті ведомство өкілі.
Айтуынша, елде 6 млн-ға жуық шартты бас ауыл шаруашылығы жануарлары бар.
Әкімдіктердің деректеріне сәйкес биыл 17 қаңтардағы жағдай бойынша жеке қосалқы шаруашылықтарда жайылымға жататын 5,7 млн шартты бас ауыл шаруашылығы жануарлары бар. Жеке қосалқы шаруашылықтарда ауылшаруашылық жануарларының саны айтарлықтай өскен. Мысалы, тек ірі қара мал бойынша соңғы 10 жылда мал басы 7,7 пайызға өсті. Ал Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары сияқты өңірлерде мал басының өсу қарқыны шамамен 16 пайызды құрады, - деді вице-министр.