АШМ мұнай өнімдерін бөлу ережесіне өзгерістер енгізді

9 Қаңтар 2024, 22:17
508
Бөлісу:
АШМ мұнай өнімдерін бөлу ережесіне өзгерістер енгізді
Фото: Архив BAQ.KZ

Ауыл шаруашылығы министрлігі мұнай өнімдерін таратудың өңірлік операторларын айқындау қағидаларын және Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кетейік, былтыр егін жинау жұмыстарына жеңілдікті дизель отынын бөлу тетігін іске асыру қорытындысы бойынша gosagro.kz жүйесінде және облыс әкімдіктерінің өтініші бойынша әлеуетті операторлар конкурстық комиссияға ұсынатын құжаттар, сондай-ақ бағалау парақтарының қорытынды балдарын қосу нәтижелері негізіндегі рәсімдер бойынша нормалар енгізіледі.

Бұдан бөлек, жеңілдетілген дизель отынын алуға өтінім беру кезінде құжаттарды оңтайландыру үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бірыңғай өтінім беру нормасы енгізіледі. Операторларда жеңілдікті дизель отынының қалдықтарын толық және мақсатты пайдалану үшін АШМ жобаға АШТӨ өтінімдері бойынша жеңілдікті дизель отынының қалдықтарын пайдалануға болатын агротехникалық жұмыстардың қосымша түрлері бойынша нормаларды енгізеді. Бұл ретте дизель отынының бекітілетін көлемі оператордың жеке кабинетіне келіп түскен дизель отынын тиеп жөнелтуге арналған өтінімдер негізінде қалыптастырылады.

Сонымен қатар 2023 жылғы егін жинау науқанының тәжірибесі көрсеткендей, кейбір жағдайларда АШТӨ өтінімді рәсімдегеннен кейін оны операторларға кешіктіріп береді немесе мүлдем бермейді.

Нәтижесінде операторлар мұнай базаларында дизель отынының көлемін сақтауға байланысты шығындарды көтерді.

Сондықтан ережеге 30 күнтізбелік күн ішінде жеңілдікті дизель отынын тиеп жөнелтуге АШТӨ-ден өтінім және төлем болмаған кезде бөлінген дизель отынының көлемін жою жөніндегі нормалар енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы