АШМ Маңғыстау облысына қаржылай көмек көрсетуге шақырды

12 Тамыз 2021, 09:28
4281
Бөлісу:
АШМ Маңғыстау облысына қаржылай көмек көрсетуге шақырды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрғақшылықтан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету туралы үндеу жасады. 

Құрметті қазақстандықтар! Ауа райының қолайсыздығы мен оның салдары оңай болмай тұр. Қазақстанның көптеген өңіріндегі ерекше ыстық ауа райы құрғақшылыққа әкеп соқты. Жауын-шашынның аздығынан Маңғыстау облысы қатты зардап шекті. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен аймаққа қолдау көрсетіп, қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Бүкіл ел бойынша еріктілер де қомақты үлес қосуда. Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері қолайсыз табиғи құбылыстардан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлерге көмек ретінде, өздерінің бір күндік жалақыларын Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы шотқа жібереді. Осыған орай, министрлік барлық меншік нысанындағы еңбек ұжымдарын қиын жағдайға тап болған отандастарымызды қолдауға және қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырады, - делінген үндеуде.
РЕКВИЗИТТЕР (төлемде құрғақшылықтан зардап шеккендерге қайырымдылық қаражатын көрсету міндетті):

Есепшоты: KZT / KZ71998PTB0001042659 Коды: 18 (КБЕ) БСН: 061040004608 Атауы: «Казимпэкс-Ақтау» Қоры. БАНК «First Heartland Jusan Bank» АҚ Маңғыстау_ филиалы БИК TSESKZKA

Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 «А» үй. БАНК БСН: 060141000980

Жедел бөлімшенің басшысы / ҚҰ Исатаева Жайнагүл Мақсұдқызы Тел.87292 301303 іш.1038

Қордың басшысы Мамашұлы Дайрабай Тел. +7 771 221 2222


Өзгелердің жаңалығы