АШМ: Ішкі нарықта ешқандай азық-түлік тапшылығы жоқ

13 Сәуір 2022, 13:35
1566
Бөлісу:
АШМ: Ішкі нарықта ешқандай азық-түлік тапшылығы жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл  Хатепова  айтты.

Әрине  азық-түлік тауарларына деген нарықтық бағаның мәселесі қай кезде де өте өзекті. Жалпы Ауыл шарушылығы министрлігі ішкі нарықта қандай болсын азық-түлік тауарына деген қолда бар көлемнің қажеттілігі үшін жауап беретін министрлік ретінде бүгінгі күнде ішкі нарықта ешқандай азық-түлік тауарына деген тапшылықтың жоқ екенін хабардар етеді, - деді  Назгүл  Хатепова.

Хатепованың айтуынша,  азық-түлік тауарларын тұрақтандыру жұмыстары екі механизм арқылы жүзеге асырылады.

Оның біріншісі ол тұрақтандыру қорларына тікелей әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатып алу арқылы ал екінші бұл жеңілдетілген несие беру арқылы сауда орталықтарын қаржыландыру бойынша іске асады, - деді ол.

Сондай-ақ ол бірінші механизм бойынша қазіргі кезде министрлік тарапынан қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

Қазіргі кезде республика бойынша облыс әкімдіктерінің қорында тұрақтандыру қорларының жұмысына бөлінген қаражат көлемі 76 млрд теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда 16, 2 млрд теңгені қосымша бөлу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы есептен алдағы уақытта осы бағытқа 92 млрд теңге бөлу көзделіп отыр. Бүгінгі күні республика бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қорлары 635 мың тонна құрайды. Оның ішінде тұрақтандыру қорларында 130 мың тонна тауарлар бар. Ол қажет жағдайларда, ішкі нарықта қандай да бір тауардың өсуі немес тапшылық фактілері орын алған кезде бұл аталған тауарлар ішкі нарыққа таратылатын болады, - деді АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры. 

Өзгелердің жаңалығы