Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Министрліктің оң жағалаудан сол жағалауға көшуі бір күнде қабылданған шешім емес. Бұл туралы бірнеше жылдан бері айтылып келді. Сондықтан, оны Қарашөкеевтің бастамасы деп атау қисынсыз, деп жазды Facebook-тегі парақшасында АШМ баспасөз хатшысы Дәмір Аспан.
Бір маңыздысы, бюджеті де жыл басында қарастырылып, бөлінген болатын. Қысқасы ерте ме, кеш пе көшетін еді. Тек оны жүзеге асыру қазіргі министрдің маңдайына жазылыпты.
Ведомствоны көшіру ғимаратқа техникалық қызмет көрсету шығындарының, инженерлік-техникалық жай-күйінің, басқа да мемлекеттік органдармен көршілес болуы сияқты бірқатар маңызды себептерден туындады. Білсеңіздер, біздің министрлікке қарайтын Жер ресурстарын басқару комитеті бұрыннан бері Министрліктер үйі ғимаратында отыр.
Ал АШМ-ның қазіргі ғимараты Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне беріледі. Ғимараттың әрі қарай тағдыры туралы мен нақты айта алмайды екенмін, - деп жазды ол.