Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АШМ: Елде 27,6 млн тонна мал азығы дайындалды

6 Қыркүйек 2025, 09:50
436
Бөлісу:
 Ауыл шаруашылығы министрлігі
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

2025–2026 жылдардағы қыстақ маусымына дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 22,3 млн тонна шөп (жоспардың 91%-ы), шамамен 1,8 млн тонна сенаж (102,5%), 1,2 млн тонна құрама жем (21%), 700 мың тонна сүрлем (34,4%), 1,6 млн тоннадан астам сабан (34,9%) дайындалды.

Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (115,2%), сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында (100%), Жетісу облысында (99,5%) байқалды.

Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемдері жоспарлы өнім мен төл алу үшін толыққанды азықтандыруды, сондай-ақ жалпы мал басының сақталуын қамтамасыз етеді.

Жалпы республикадағы мал азығымен қамту жағдайы тұрақты.

Өзгелердің жаңалығы