АШМ бұқашықтар мен тоқтыларды экспорттауға квота лимитін арттырды

15 Қазан 2024, 18:37
346
Бөлісу:
АШМ бұқашықтар мен тоқтыларды экспорттауға квота лимитін арттырды
Фото: BAQ.KZ архив

2024 жылдың 26 қазанынан бастап Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне бұқашықтар мен тоқтыларды экспорттау квотасын бөлу қағидалары күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл норма алты ай мерзімінде әрекет етеді. 12 айдан асқан бұқашықтарды әкетудің сандық лимиті 85 мың басты құрайды, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін – 55 мың бас, тауар өндірушілер үшін – 30 мың бас.

6 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетудің сандық лимиті 120 мың басты құрайды, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін – 60 мың бас, тауар өндірушілер үшін – 60 мың бас.

12 айдан асқан бұқашықтарды әкетуге бір бордақылау алаңына арналған лимиттің жиынтық саны 4000 бастан аспайды, ал бір тауар өндірушіге – 500 бастан аспайды.

6 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге бір бордақылау алаңына арналған лимиттің жиынтық саны 1000 бастан аспайды, ал бір тауар өндірушіге – 500 бастан аспайды.

Бұл ретте, бір бордақылау алаңына берілетін квота бордақылау алаңы қуатының 20 пайызынан аспауға тиіс және квотаны бөлу сәтінде бордақылау алаңындағы мал басының нақты саны сұратылған квота көлемінен екі есе көп болуға тиіс.

Квоталар толық таусылғанға дейін бөлінеді.

Өзгелердің жаңалығы