Әшімбаев жасанды интеллектінің тәуекелдерін атады

8 Қазан 2024, 10:51
305
Бөлісу:
Әшімбаев жасанды интеллектінің тәуекелдерін атады
Фото: Арман Мухатов

Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XXІІ Хатшылығының отырысында нейрожелілер мен жасанды интеллектінің тәуекелдері жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлем қоғамдастығы алдында тұрған мәселенің бірі – нейрожелілер мен жасанды интеллектінің дамуы. Ол үлкен пікірталасқа да ұшырап отыр. Ол үлкен прогреске жол ашқанымен жаңа тәуекелдер де әкеліп отыр. Ақпараттық саладағы тәуекелдердің бірі – бұл қасақана жалған ақпаратты, фейктерді тарату. Осы мақсатта жасанды интеллектінің ресурстары қолданылуы мүмкін. Бұл этностық, діни және әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстарға алып келеді, - деп айтты Әшімбаев.

Сонымен бірге бұрыннан бері қолданылып келе жатқан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тетіктерін бұзады.

Осы сын-қатерлердің барлығы қазіргі қоғамды тұрақсыздандырады, жаһандық тұрақтылыққа нұқсан келтіреді және бұрынғы қауіпсіздік тетіктерінің тиімділігін төмендетеді. Бұл проблемаларды азайту мен жеңу үшін барлық сындарлы және жасампаз күштердің күш-жігерін біріктіру маңызды. Бұл үдерісте дін көшбасшыларының да үлесі зор екеніне сенімдіміз, - деді ол.

Бұған дейін Әшімбаев Қазақстан барлық елді зорлық-зомбылық пен күш көрсетуден бас тартуға шақыратынын атап өткен еді.

Еске сала кетейік, елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XXІІ Хатшылығының отырысы өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы