Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Сенаттың жаңа сессиясының алғашқы отырысында төрағаның орынбасары сайланды.
Оқи отырыңыз:
Осыған дейін Мәжіліс депутаты болған Нұрлан Әбдіров енді төраға Мәулен Әшімбаевтың орынбасары қызметін атқарады.
ҚР Президентінің жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабына сәйкес, Сенат төрағасының орынбасары лауазымына сенатор Нұрлан Әбдіровті ұсынамын. Өздеріңізге белгілі, Нұрлан Мәжитұлы - тәжірибелі және білікті маман. Әділет министрлігінде және қауіпсіздік кеңесінде жауапты қызметтер атқарды. Бүгінге дейін Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы ретінде табысты еңбек етіп келді, - деді Мәулен Әшімбаев.
Өз кезегінде сенаторлар дауыс беру арқылы бір ауыздан Нұрлан Әбдіровтің кандидатурасын қолдады.
Айта кетейік, бүгін Сенаттың жаңа сессиясындағы алғашқы отырысында комитет төрағалары сайланды. Ал Мұхтар Құл-Мұхаммед бұрынғы қызметіне қайта тағайындалды