Әшімбаев Тұрсын Жұртбайға шапан жапты

15 Қазан 2021, 13:36
2292
Бөлісу:
Әшімбаев Тұрсын Жұртбайға шапан жапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбайдың 70 жылдық мерейтойына арналған «Елдік ұстаным және Тәуелсіздік нысанасы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Іс-шарада Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау сөзін оқып берді.

Тұрсын Құдагелдіұлы, сізді 70 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Өзіңізді қазақтың қазыналы қаламгері, Абайтанушы, Алаштанушы және ұлтжанды азамат ретінде ерекше құрметтейміз. Сіздің әдебиет әлеміндегі қадамыңыз поэзиямен басталып, тырнақалды туындыларыңыз сол кезде жоғары бағаға ие болды. Оған «Қоңыр қаз», «Жүрегімде жұмыр жер» атты жыр шумақтарыңыз дәлел, - деді Әшімбаев.

Сенат спикері жазушының прозалық шығармаларының да шоқтығы биік екенін атады.

Қаламыңыздан туған шығарманың барлығы қазақ әдебиеті қазынасындағы құнды дүниенің арасынан орын алды. Сіздің отандық публицистиканы өркендетуге сіңірген еңбегіңіз зор. Абай мұрасын дәріптеудің және ұлы ойшылдың ойын халыққа түсіндірудің озық үлгісін көрсете білдіңіз, - деді ол.

Әшімбаев Тұрсын Жұртбайдың мәдениет пен тарих, әдебиеттің өрісін кеңейтуге зор үлес қосқанын айтқан.

Әшімбаев Тұрсын Жұртбайға шапан жапты

Депутат Мұрат Бақтиярұлы Мәулен Әшімбаевтың Тұрсын Жұртбайға арнайы беріп жіберген шапанын кигізді.

Өзгелердің жаңалығы