Әшімбаев Словакияның Сыртқы және Еуропа істері министрімен кездесті

11 Қазан 2021, 20:00
3252
Бөлісу:
Әшімбаев Словакияның Сыртқы және Еуропа істері министрімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Словакия Республикасының Сыртқы және Еуропа істері министрі Иван Корчокпен кездесті. Кездесу барысында Палата Спикері парламентаралық байланысты белсенді түрде дамытудың маңызына тоқталып өтті.

Қазақстан Парламентінің Сенаты Словакия Ұлттық кеңесімен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі. Біздің Парламентіміздің екі Палатасында да Словакиямен ынтымақтастық жөніндегі топтар жұмыс істейді. Сол сияқты Словакияның Ұлттық кеңесінде Қазақстанмен достық тобы бар екенін білеміз. Сондықтан алдағы уақытта біздер онлайн немесе офлайн режимде бірлескен іс-шаралар ұйымдастыра аламыз деп есептеймін. Мұндай қадам біздің екіжақты өзара тиімді іс-қимылымызға тың серпін береді деп сенемін, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Спикері қазақстандық депутаттардың словакиялық әріптестерімен халықаралық алаңдардағы, оның ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы мен Парламентаралық Одақ аясындағы өзара іс-қимыл деңгейіне жоғары баға берді.

Сондай-ақ кездесуде тараптар экономика, сауда, ауыл шаруашылығы, туризм және су ресурстары салалары бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев Словакияның су ресурстары саласы бойынша өңірлік және халықаралық жобаларды іске асыруда тәжірибесі мол екеніне назар аударып, Қазақстан осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге баса мән беріп отырғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы