Әшімбаев ЕО арнаулы өкілдерімен Қазақстандағы саяси жаңғыруды талқылады

4 Қазан 2021, 15:34
9758
Бөлісу:
Әшімбаев ЕО арнаулы өкілдерімен Қазақстандағы саяси жаңғыруды талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатта Мәулен Әшімбаев ЕО-ның Адам құқықтары жөніндегі арнаулы өкілі Имон Гилмормен және ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакаламен кездесті.

Мәулен Әшімбаев кездесуді аша келіп, Қазақстан Еуропалық Одаққа мүше барлық елмен және институттарымен өзара тиімді және прагматикалық тұрғыдағы ынтымақтастықты қалыптастыруға зор маңыз беретінін атап өтті. Сенат бұл тұрғыда парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерекше назар аударады.

Тараптар мүдделі мәселелер бойынша маңызды ақпаратпен жүйелі алмасуды белгілейтін диалог алаңдарының жұмысын одан әрі күшейту қажеттігін атап өтті. Екіжақты сауда мен инвестициялар көлемін кеңейту, өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасу, демократиялық құндылықтарды ілгерілету, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар басым тақырыптардың қатарында болды.

Мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды. Саяси жаңғыру және адам құқықтарын қорғау бөлігі едәуір көлемде ұсынылып отыр. Атап айтқанда, саяси жаңғыру бағытын жалғастыру аясында бірқатар заңдарды қабылдау жоспарлануда. Заңнамаға аудан әкімдерін тікелей сайлауды пилоттық түрде өткізу үшін қажетті түзетулер әзірленетін болады. Сондай-ақ, депутаттық мандаттарды бөлу кезінде квотаны міндетті түрде есепке алу және әйелдер мен жастардан басқа ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін квота белгілей отырып, квота берілетін азаматтар санаттарының тізбесін кеңейту туралы нормаларды бекіту жоспарлануда, - деп атап өтті Сенат төрағасы.

Кездесуде мемлекеттің тиімділігін, саяси процестің ашықтығы мен бәсекелестігін одан әрі арттырудың кепілі ретіндегі Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси жаңғыру талқылаудың басты тақырыбы болды.

 

Өзгелердің жаңалығы