Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан азаматтарының Дубайдағы (БАӘ) пәтерлері туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мен өзім оқымадым. Бірақ басқа ақпарат көздерінен пікірлерді көрдім. Осы сұрақ білуімше Бас прокурарутарың активтерді қайтару жөніндегі комитеті төрағасына қойылды. Солар жан-жақты жауап берер деп есептеймін. Комитет төрағасының (заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі) айтуынша, бұл мәселелер жұмыс бабында қаралады. Егер сол активтер заңсыз шығарылған болса, олар тиісті тізімге кіргізіледі. Қай жақтан алынғаны туралы нақты жұмыстар жүргізілетін болады. Заңға сәйкес, тиісті шешімдер қабылданады. Сондықтан бұл жерде барлығы заң аясында болады. Білуімше, Дубайда 1500 қазақстандықтың әртүрлі дүние-мүлкі бар. Бірақ олардың бәрін қаралау артықтау болатын шығар. Оның ішінде жеке кәсіппен айналысып, заңды түрде табысын тауып, дүние алғандар да бар шығар. Сондықтан оның бәрін тиісті комитет заңның аясында қарайтын болады, - деді Мәулен Әшімбаев.
Айта кетейік, Активтерді қайтару жөніндегі жұмыс аясында арнаулы мемлекеттік қор жуырда 177 млрд теңгемен толықтырылды.