Әшімбаев Biz birgemiz қорының жетекшісіне қатысты ойын айтты

Бүгiн, 15:07
158
Бөлісу:
Әшімбаев Biz birgemiz қорының жетекшісіне қатысты ойын айтты
Фото: Скрин

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Biz birgemiz қорының жетекшісі Перизат Қайратқа қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенат куларында журналистер Мәулен Әшімбаевтен Biz birgemiz қорының жетекшісі туралы сұрады.

Сондай-ақ бұған дейін Жұманғариннің Перизат Қайратқа қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.Мен онымен таныс емеспін. Көптеген іс-шараға барамын. Апта сайын бірқатар іс-шара өтеді. Ол кейбір іс-шарада болуы мүмкін. Онымен (Перизат Қайратпен) жақын байланыста болмадым. Тергеу қорытындысы бойынша бүкіл ақпарат халыққа жария етіледі. Адамдардың кінәсі дәлелденсе, сот тиісті шешімді шығарып, заң бойынша қатаң жазаланады. Тергеу әділ әрі тиянақты өтетініне ешкімнің күмәні болмауы керек. Іске қатысы бар адамдар тиісті жазасын алады, – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Еске сала кетейік, еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат қомақты қаражат жымқырды деген күдікке ілінгені туралы жазғанбыз. Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды. Ол пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен босатылды.

Сондай-ақ бұған дейін Серік Жұманғариннің Перизат Қайратқа қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы