Әшімбаев: Бейбіт күнде азаматтарымыздан айырылып қалу бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті

29 Тамыз 2021, 10:00
4702
Бөлісу:
Әшімбаев: Бейбіт күнде азаматтарымыздан айырылып қалу бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Жамбыл облысының Байзақ ауданында болған төтенше жағдайдың салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 2021 жылғы 29 тамызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. 

Соған байланысты бүгін барша Қазақстан халқы аза тұтуда.

Бейбіт күнде арыстай азаматтарымыздан айырылып қалу бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті. Қаза болған азаматтардың жақындарына қайғыларына ортақтасып, тағы да көңіл айтамыз. Қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерліктерімен ел жадында сақталады. Енді елімізде мұндай оқиғалар ешқашан қайталанбасын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деп жазды Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев facebook-тегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы