Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы, Мәжіліс депутаты Асхат Рахимжанов мемлекеттің ең алдымен адам үшін, оның құқықтары, қадір-қасиеті мен бостандығы үшін қызмет етуі тиіс екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, жаңа Конституция жобасы адамға бағдарлану қағидатын бекітіп, азаматтың өмірі мен құқықтарын ең жоғары құндылық ретінде таниды.
Ол әділеттілік нақты өмірде сезілуі керек екенін: еңбек құрметтеліп, заң адамдарға қызмет етіп, әрбір азамат өзін қорғалған сезініп, болашағына сенімді болуы қажеттігін атап өтті.
Оның пікірінше, дәл осындай ұстаным елді шын мәнінде мықты әрі тұрақты етеді.
Еске салайық, бұған дейін "Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер" атты партияаралық диалог барысында "Respublica" партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров Жаңа Конституциядағы 5-бап туралы айтты.