Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Асхат Аймағамбетов жазғы демалысты қалай өткізу керегін айтты

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
1 Шілде 2025, 18:05
840
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жазғы демалыстың балалардың дамуына әсері туралы өз пікірін білдірді. Ол ұзақ каникул кезінде оқушылардың босаңсып кетпей, білімін әрі қарай толықтырып, эмоционалдық және физикалық тұрғыда дамуын жалғастырудың маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ең ұзақ каникулдың бірі Қазақстанда. Бірақ ұзақ каникул дегеніміз балалардың дамуы тоқтап қалады дегенді білдірмейді. Мен өзім ата-ана ретінде балалар жазда міндетті түрде кітап оқуы керек деп санаймын. Сондай-ақ олар жазғы уақытта қатысып жүрген үйірмелерінен қол үзбеуі тиіс. Балалар дамуын тоқтатпай, білімін жалғастырып отыруы қажет, - деді депутат.

Аймағамбетовтің сөзінше, мысалы, маусым, шілде, тамыз айларын алсақ, үш-төрт айға созылады. Осы төрт айда адамның миы белсенді жұмыс істемесе, физиологиялық тұрғыдан да кері әсері болуы мүмкін. Бұл баланың дамуына, нейрондарының бір-бірімен байланысына және болашағына ықпал етеді.

Сондықтан бала жазда кітап оқып, физикалық тұрғыдан да, эмоционалдық тұрғыдан да дамуын жалғастыруы керек. Өзінің ағылшын тілі, спорт, математика сияқты үйірмелерінен алшақтап қалмағаны жөн. Жазды пайдалы өткізу деген – осы. Осы тұрғыда мен ата-аналарға балаларымен бірге жүйелі жұмыс істеп, жаз мезгілін барынша тиімді пайдалануға көмектеседі деп үміттенемін, - дейді Мәжіліс депутаты.

Өзгелердің жаңалығы