Асхат Аймағамбетов астаналық мұғалімдерге ауызашар берді

29 Сәуір 2022, 05:29
1670
Бөлісу:
Асхат Аймағамбетов астаналық мұғалімдерге ауызашар берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қасиетті Рамазан айында педагогтерге ауызашар берді. Бұл туралы Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында жазды. 

Министр дастархан басында елордалық әріптестерімен білім саласындағы мәселелер туралы да сөйлескендігін айтты.

Қасиетті Рамазан айында елордалық мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдерді ауызашарға шақырдым. 

Осы мүмкіндікті пайдаланып, әріптестерімізбен білім саласындағы мәселелер төңірегінде де әңгіме өрбіттік.

Ұстаздармен әңгімелесіп, жылы ауызашар болғанына, білім саласындағы тақырыптар жайында әңгімелесіп, пікірлері мен ұсыныстарын тыңдағаныма өте қуаныштымын.

Уақыт бөліп келген әріптестеріме алғысымды білдіремін, – деп жазды елдің бас ұстазы.

Өзгелердің жаңалығы