Аш қарынға жеуге болмайтын тағамдар

3 Тамыз 2021, 23:15
9118
Бөлісу:
Аш қарынға жеуге болмайтын тағамдар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диетолог Белоусова аш қарынға қандай тағамдарды жеуге болмайтынын айтты.

Кофе, цитрус шырындары, тәтті газдалған сусындар мен ащы дәмдеуіштерді аш қарынға қолдануға болмайды, дейді ресейлік диетолог, ұлттық диетологтар қауымдастығының мүшесі Анна Белоусова «Звезда» телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, кофеин тәбетті басады, сондықтан кофені таңғы астан кейін біраз уақыт өткен соң ішкен дұрыс.

Сондай-ақ таңертең ащы дәмдеуіштер мен тұздықтардан бас тарту керек, оның салдарынан гастрит немесе асқазан жарасының қаупі артады.

Таңертең бұл қыша немесе сарымсақ дәмдеуіші жағылған сэндвич болуы мүмкін. Мұндай тағам тез оянуға көмектеседі, бірақ мұндай тағамнан кейін гастритке шалдығуыңыз мүмкін, - деп ескертті Белоусова.

Әсіресе тәтті газдалған су аш қарынға зиян. Аш қарынға газдалған сусынды ішсеңіз, асқазан-ішек жолдарының ауруларына, мысалы, асқазан жарасы мен гастрит ауруына шалдығуыңыз әбден мүмкін.

Сонымен қатар Белоусова цитрус жемістерінің шырындарын ішкенде абай болу керектігін айтты. Диетолог бұл шырындарды тойымды таңғы аспен бірге ішу керек екенін атап өтті. 

Әйтпесе бұл ас қорыту жүйесінің бұзылуына әкеледі. Сонымен қатар бұл шырындар 100 пайыз табиғи болуы керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы