Экономика министрі өңірлердің даму деңгейін айтты

10 Қараша 2021, 09:45
1125
Бөлісу:
Экономика министрі өңірлердің даму деңгейін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті.

Ол 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы даму деңгейін айтты.

Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу 4 өңірде – Алматы және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында байқалуда. 6 көрсеткіш бойынша 9 өңірде өсу байқалады. Олар: Алматы қаласы, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстары, – деді ол.
Сонымен қатар министр 5 көрсеткіш бойынша оң өсім екі өңірде екені айтты. Олар Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады.

Ал Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында төмен көрсеткіш тіркеліп отыр.


Өзгелердің жаңалығы