Әсерлі видео үшін жүріп бара жатқан көлік төбесіне шыққан: Түркістан облысында екі азамат жауапқа тартылды

Дронға түсіп қалған қауіпті әрекет полицейлердің назарынан тыс қалмады. Әлеуметтік желіге видео түсірмек болған азаматтардың соңы немен аяқталды?

 видеодан алынған кадр 22 Қазан 2026, 14:36
22 Қазан 2026, 14:36
218
Фото: видеодан алынған кадр

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қозғалыстағы автокөліктің төбесіне мініп, бейнетүсірілім жасаған ер азаматтың видеосын байқады.

Аталған дерек бойынша полицейлер тексеру жүргізіп, оқиғаның Сайрам ауданында болғанын анықтады. Жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі дронға түсірілген.

Нәтижесінде ВАЗ автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі мен 30 жастағы жолаушысына қатысты жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қолданылды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушылармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, оларға заң талаптары мен жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың салдарын түсіндірді.

Тағы оқи отырыңыз: Онлайн саудадағы тұзақ: WhatsApp-тағы сатушыға сенген ақтөбеліктер қомақты қаржысынан айырылды 

«Өзбектер!»: «Ақтөбе» футбол клубы дауға қалған жанкүйер қыздардың айыппұлын төлейді 

Қазақстанда ұсталған ресейлік рэпер Navai-ге қатысты іс тоқтатылды: Полиция тың мәліметті жариялады 

Наверх