А.ж. 6 ақпан күні Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана қаласында аса ірі көлемде алаяқтық қылмысы бойынша күдікті М.К.Сүлейменов ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Бұған дейін а.ж. 30 қаңтар күні Қызылорда қаласында оның тағы бір сыбайласы Р.Қ.Қаржауов ұсталған болатын.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, К.Сүлейменов 2021-2022 жылдары адамдар тобымен азаматтарға жалған автокөлік несиесін рәсімдеген.
Олардың алаяқтық әрекеттерінен 231 адамға 2,9 млрд теңге залал келтірілген. Тергеу барысында 2022 жылдың мамыр айында Сүлейменов тергеуден бой тасалап, оған іздеу жарияланған болатын. Қазіргі уақытта Сүлейменов Ақтау қаласына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.