Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Асқар Шәкіров Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды.
Бүгін Парламенттің жоғарғы палатасының отырысында Асқар Шәкіров Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды.
Ол бұған дейін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған.
Қазір отырыста Сенат комитеттерінің төрағаларын сайлау процесі жүріп жатыр.