Қаржы пирамидасын жарнамалағандарға қандай шара қолданылады?

21 Қыркүйек 2020, 14:44
1936
Бөлісу:
Қаржы пирамидасын жарнамалағандарға қандай шара қолданылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы сегіз айда қаржы пирамидаларына қатысты 37 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының аса маңызды істер бойынша тергеушісі Ерден Жұма мәлім етті. 

Оның айтуынша, 18 қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл фактілер адамдар зардап шегіп, құқық қорғау органдарына хабарласқаннан кейін анықталған. Жалпы адамдардың көпшілігі құқық қорғау органдарына уақыт жоғалтып хабарласады. Әлде бір үмітпен жүреді. Сондықтан алдын алу шаралар қазіргі күні өте маңызды, - деді ол. 

Сондай-ақ, ол қаржы пирамидаларының жұмысын әлеуметтік желіде жарнамалағандарға қатысты қандай шара қолданылатынын атап өтті.

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 150-бабы бойынша қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін әкішілік жауапкершілікке тартылады. Бірақ жұмыс ішкі істер органдарының құзіретіне кіреді. Ал қаржы пирамидаларын құру және оны басқаруға Қылмыстық кодекстің 217-бабында тыйым салынған, - деді Ерден Жұма.

Оның айтуынша, пирамида қызметiн жарнамалаған жеке тұлғаларға – 150, лауазымды адамдарға – 170, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 200, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 300, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынады.


Өзгелердің жаңалығы