Арзандатылған дизель отынын алуға өтінім қабылдау уақыты ұзартылды

30 Мамыр 2023, 19:04
794
Бөлісу:
Арзандатылған дизель отынын алуға өтінім қабылдау уақыты ұзартылды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдікті дизель отынын алуға электрондық өтінімдерді қабылдау 31 мамырға дейін ұзартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, сәуір айында бекітілген ережелерге сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдікті ЖЖМ бөлу gosagro.kz модулінің базасында электрондық форматта жүргізіледі. Өтінімдердің барлығын оның ішінде егін жинау жұмыстарына да жүйеде ЭЦҚ көмегімен беру қажет, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қазақстандық фермерлер 342,7 мың тонна арзандатылған дизель отынына 24 мыңнан астам өтінім берді.

Өзгелердің жаңалығы