Арыстың жүздеген тұрғыны білікті дәрігерлерге қаралды

6 Тамыз 2019, 20:44
1759
Бөлісу:
Арыстың жүздеген тұрғыны білікті дәрігерлерге қаралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласының жүздеген тұрғыны білікті дәрігерлерге қаралуға келді. Түркістан облысында «Денсаулық жолы» республикалық шарасы өтуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Ауқымды шара Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Арыс тұрғындары терапевт, эндокринолог, офтальмолог, педиатр, онколог, психологқа қаралып, ЗОЖ мамандары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі бойынша кеңес алды. 

5 тамыздан 9 тамыз аралығында барлық аудан, қалаларда жыл сайынғы өтетін  республикалық «Денсаулық  жолы» акциясы өтеді. «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасының негізгі мақсаты – тұрғындардың денсаулығын тұз, қант, майлар (майлар, трансмайлар) жоғары мөлшері бар тағамдарды шектеу немесе қолданбау денсаулыққа пайдасы туралы  хабарлау, дененің артық салмағы, семіздік қаупін төмендету мен жұқпалы емес аурулардың алдын-алу үшін тұрғындарды салауатты өмір салты негіздеріне үйрету арқылы өз денсаулықтарын сақтау мен нығайту. 

Түркістан облысының тұрғындарына арнайы медицина  мамандарынан  құралған мобильді топ медициналық, профилактикалық  кеңестер береді. Онколог, офтальмолог, эндокринолог тағы басқа дәрігерлерден құралған жылжымалы медициналық кешен шалғай ауылдық елдімекендерге шығады. Сонымен бірге әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша да мәлімет алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы