Арыстық оқушыларға мектеп жабдықтары мен киім-кешек үлестірілді

22 Шілде 2019, 23:18
3865
Бөлісу:
Арыстық оқушыларға мектеп жабдықтары мен киім-кешек үлестірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласындағы Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Атырау облысындағы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның ұжымы «Арыс. Біз біргеміз» республикалық акциясына үн қосып, 400-ден астам арыстық оқушыға мектеп жабдықтары мен киім-кешек сатып әперді. «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбековтың бастамасымен арнайы өкілдерін жіберген атыраулық мұнайшылар көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан бастауыш сынып оқушыларын қуантып, Арыс жұртшылығымен бірге екендерін дәлелдеді»,-делінген хабарламада.

0.jpg

Әр оқушыға аяқ киім, сөмке, ақ жейде, мектеп формасы және өзге де қажетті киімдер берілді. Қуаныштан жүздері жайнаған оқушылар мен ата-аналар қиын-қыстау кезеңде көмек қолын созған атыраулық мұнайшыларға алғыстарын білдірді.

0.jpg

«Ембімұнайгаз»  – барлық акциясы Қазақтанға тиесілі ірі компания. Бұған дейін де Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында қайырымдылық акцияларымен айналысып, тұрғындарға көмектескен. Бұл жолы Арыс қаласының оқушыларына да қолдау көрсетіп отыр.

Бүгінде Арыстағы 16 мектепте әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 2 мыңға жуық оқушы бар. Олардың бірқатарына «Мектепке жол» акциясы және демеушілердің көмегімен қолдау көрсетіліп жатыр.

 

Өзгелердің жаңалығы