Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын күзетпен ұстау мерзімі бір айға ұзарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2022 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Мұхамедиұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты, - делінген Астана қаласының соты таратқан хабарламада.
Еске салсақ, биыл 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.
Анкитор ұлттық музейдің бұрынғы басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тақты.