Арыстағы эвакуацияға 100-ге жуық полицей қатысты

7 Тамыз 2021, 13:15
2612
Бөлісу:
Арыстағы эвакуацияға 100-ге жуық полицей қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында 100-ге жуық полицей адамдарды эвакуациялады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс қаласында сары фосфордың жануы салдарынан болған теміржол вагонының тұтануы кезінде полиция қызметкерлері оқиға орнын дереу қоршап алып, өрт сөндіру орнына арнайы техниканың кедергісіз өтуін қамтамасыз етті. Сондай-ақ олар адамдарды қауіпсіз жерге апарды.

Азаматтарды эвакуациялауға Арыс станциясындағы желілік полиция бөлімінің 25 қызметкері және аудандық полиция бөлімінің 75 қызметкері қатысты.

Үйлесімді жұмыс нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ, - деді полиция қызметкерлері.

Оқиға орнына бірден Арыс станциясындағы Желілік полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы