Арыста жарылыс тоқтағанымен қауіп әлі де бар - вице-министр

25 Маусым 2019, 13:17
1932
Бөлісу:
Арыста жарылыс тоқтағанымен қауіп әлі де бар - вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласынан 97 шақырым қашықтықта орналасқан Арыс қаласындағы жарылыс тоқтағанымен, жарылыс қаупі әлі де сақталып отыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин айтты. 

«25 маусым күні сағат 12:00-дегі жағдайды мәлімдейін. Дәл қазірәскери бөлім аумағында жарылыс тіркеліп жатқан жоқ. Ішкі істер министрлігінің күштері мен техникалары оқиға орнында қалды ( 1200-ден аса адам және 180-ден астам техника). Кеше мен 
 бүгін түнде тұрғын үй секторындағы өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді:45 өрт ауыздықталды, оның 21-і – тұрғын үйлерде, 9-ы – шаруашылық нысандары мен 15-і – қора-қопсының өрті», - дейді Юрий Ильин.

Оның айтуынша, Түркістан облыстық полиция департаменті мен Ұлттық ұланның әскери  бөлімдері Арыс қаласын тонауға  жол бермеу үшін  рейд жұмыстарын  жүргізген.

«Өткен тәуліктің ішінде 3 адам ұсталып, тонау фактісі тіркелді. Сондай-ақ қалада жарылыс қаупі әлі де сақталып отыр. Бірақ оның ауқымы бірінші күндегідей болмайды деп ойлаймын», - деді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы