Арыстағы жағдай туралы ролик шықты

25 Шілде 2019, 13:30
2551
Бөлісу:
Арыстағы жағдай туралы ролик шықты
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қорғаныс министрлігі Арыста болған төтенше жағдай туралы ролик түсірді. 

12.28 минуттық роликте жарылыс болған сәтте көмекке алдымен әскери өрт сөндірушілердің келгені баяндалады. Сондай-ақ, түсірілімнен өрт сөндірушілердің сұхбаттарын тыңдауға болады,  олар жан-жағына жарылғыш зат құлап жатқанда қандай сезімде болғандарымен бөліседі.

Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ҚР қарулы күштерінің әртүрлі бөлімдерінен 2500-ден аса адам қатысқан. Жарылыстан 1 қала тұрғыны және өрт сөндіру кезінде екі әскери қызметші қаза тапты.

Еске салсақ, 24 маусым күні таңғы сағат 9.30 шамасында Арыс қаласындағы әскери қоймада өрт болып, жойқын жарылыс болған еді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қала халқын дереу қауіпсіз жерге көшіруге бұйрық беріп, Арыста төтенше жағдай жарияланған еді. Қазір қаладағы қираған  үйлдерді қалпына келтіріп, жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.


Өзгелердің жаңалығы