Арыста қала күні тойланды

28 Қазан 2019, 14:16
2506
Бөлісу:
Арыста қала күні тойланды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Арыс қаласындағы орталық Әл-Фараби алаңында қала күні тойланды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің  баспасөз қызметі.

a3a71797-f218-40b4-b293-95d8eeb65db3.jpg

Меркелік іс-шараға жергілікті билік өкілдері мен тұрғындар және арнайы келген қонақтар қатысты. 

53a35d0e-711d-4e3e-a6f3-a0c6d8e27645.jpg

"Бұл күні жарылыстан кейін қаланы қайта қалпына келтіруге үлес қосқан азаматтарға, ерен еңбектің үлгісін көрсеткен дала еңбеккерлеріне "Еңбек даңқы" төсбелгілері табысталды. "Алғыс хат" пен "Құрмет грамотасымен" марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етті", - делінген хабарламада. 
b558cb41-1c9d-4afb-a333-551b6bef8eb4.jpg

Арыс аспанын әнге бөлеген мереке одан әрі концерттік бағдарламаға ұласып, өнер иелері жиналған қауымға ән-биден шашу шашты. Сондай-ақ, Арыс қаласында дәстүрге айналған "Алтын күз – 2019" жәрмеңкесі өтті. І-Арыс теміржол вокзалы алдындағы алаңшада шаруалардың өндірген өнімдері арзан бағада халыққа ұсынылып, көрме ұйымдастырылды. 

f8303a06-e563-463b-addb-be47d8c8b9cc.jpg

"Алтын күз – 2019" жәрмеңкесіне Ақдала, Байырқұм, Жиделі, Дермене, Монтайтас, Қожатоғай ауылдық округтерінен келген шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер өздерінің өндірген өнімдерін халыққа базар бағасынан 20-30%-ға төмен бағада ұсынды.

22f2d4cc-ed39-4404-ae85-1b9a067f986c.jpg




Өзгелердің жаңалығы