Арыста оқ-дәрілердің жарылмаған бөлшектерін жою жұмыстары жүргізілуде – әкімдік

24 Қыркүйек 2019, 00:37
1765
Бөлісу:
Арыста оқ-дәрілердің жарылмаған бөлшектерін жою жұмыстары жүргізілуде – әкімдік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Арыстағы әскери бөлімде оқ-дәрілердің жарылмаған бөлшектерін жою жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«№44859 әскери бөлімінде оқ-дәрілердің жарылмаған бөлшектерін жоятын жоспарлы жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын хабарлаймыз. Бұл жұмыстар Арыс қаласының халқы үшін қауіп төндірмейді», -  делінген таратылған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, 21  қыркүйекте төтенше жағдай салдарын жою жəне арнайы жабдықталған полигонның аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) жоспарлы жару жұмыстары барысында оқ-дəрі фрагменті өздігінен жарылды. Салдарынан келісімшарт бойынша арнайы дайындалған 10 сапер-әскери қызметші жарақат алған.



Өзгелердің жаңалығы