Арыста 240 отбасыға жаңа баспана кілті табысталды

25 Наурыз 2022, 10:55
2005
Бөлісу:
Арыста 240 отбасыға жаңа баспана кілті табысталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Арыс қаласында әз Наурыз мерекесіне орай «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 240 пәтер пайдалануға берілді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл үйлер сатып алу құқығынсыз үй кезегінде тұрған аз қамтылған немесе көпбалалы отбасылар, жетім және халықтың әлеуметтік осал тобы санатындағы басқа да азаматтарға берілді.

Арыста 240 отбасыға жаңа баспана кілті табысталды

Жаңа қоныс иелерін Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев, шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова арнайы құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету — күн тәртібіндегі мәселе ретінде менің әркез назарымда. Әз-Наурыз мерекесіне орай беріліп отырған баспана иелеріне жаңа қоныс құтты әрі жайлы болсын, іші балалардың күміс күлкісіне толсын деп тілейміз. Әз-Наурыз әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс-ынтымақ, отбастарыңызға амандық әкелсін, – деді Гүлжан Мамытқызы.

Айта кетейік, «Көктем-2» тұрғын ауданында бой көтерген 5 қабаттан тұратын 4 көпқабатты үйдің жалпы көлемі 12 308 шаршы метрді құрайды. 60 пәтерден тұратын әрбір ғимаратта: 1 бөлмелі – 15 пәтер, 2 бөлмелі – 15 пәтер, 3 бөлмелі – 30 пәтер бар.

Арыста 240 отбасыға жаңа баспана кілті табысталды

Бүгінде Арыс қаласында көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамту мәселесі түбегейлі шешімін тауып келеді. Айталық, өткен жылы «Көктем-2» тұрғын ауданынан «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған 36 пәтерлі 3 қабатты 3 тұрғын үй пайдалануға берілген болса, биыл «Қолғабыс» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен баспанаға мұқтаж 2 отбасыға арнап тұрғын үй салынып, тегін берілді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, тағы 8 баспана бой көтереді деп жоспарланған.

Арыста 240 отбасыға жаңа баспана кілті табысталды

Қазіргі таңда Арыс қаласы бойынша тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін кезекте 2 200-ден астам адам тұр.

Арыста 240 отбасыға жаңа баспана кілті табысталды
Өзгелердің жаңалығы