Арыстағы жағдай: Екі бала жан сақтау бөлімінде жатыр

5 Шілде 2019, 15:29
2830
Бөлісу:
Арыстағы жағдай: Екі бала жан сақтау бөлімінде жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Арыстағы оқиғадан кейінгі науқастардың жағдайын баяндады. 

«Түркістан облысы Арыс қаласындағы жарылысқа байланысты 24 маусым мен 5 шілде аралығында жалпы медициналық көмекке 410 адам жүгінді. Оның 82 науқас станционарлық ауруханаларға жатқызылды. Олардың арасында 14 бала болды. Қазіргі күнде 63 науқас емделіп шығарылды. Бүгінде станционарлық ауруханаларда 19 адам емделіп жатыр. Оның 15 – Түркістан обылсының ауруханасында, екі науқас – Алматыда, Нұр-Сұлтан қалалық балалар ауруханасында екі науқас жатыр. Жалпы жан сақтау бөліміндегеі үш адамның екеуі – бала. Осы екі бала бойынша жағдайларын бақылауда ұстап отырмыз. Қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деп айтты Біртанов.

Ол Арыс қаласы тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін Түркістан облысының, басқа да аймақтардың медицина қызметкерлері жұмылдырылғанын атап өтті. 

«223 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласынан 4 мультидисциплинарлы мамандандырылған команда жіберілді. Қазір сол жерде жұмыс істеп жатыр. Тиімділігін көрсетті. Бірнеше күн бұрын ғана реанимациялық іс-шаралар жасалды. Нұр-Сұлтан қаласынан жіберілген жедел жәрдем қызметі клиникалық өлімде тұрған адамға көмек көрсетті. Қазір ол адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Шымкент қаласындағы жалпы палатаға жатқазылды. Санитарлық авиация пациенттерді басқа қалаларға жеткізумен айналысып жатыр», - деп айтты ол.

Өзгелердің жаңалығы