Қару-жарақты сақтауда жүйелік бұзушылықтар анықталды – Бас әскери прокуратура

5 Қаңтар 2020, 22:25
4089
Бөлісу:
Қару-жарақты сақтауда жүйелік бұзушылықтар анықталды – Бас әскери прокуратура

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас әскери прокуратура алқасының кеңейтілген отырысы өткізілді, оның барысында жылдың жұмыс қорытындысы талқыланып, алдағы мерзімге міндеттер қойылды, деп хабарлады Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.

Алқа отырысына Бас әскери прокуратураның жеке құрамы, аймақтар мен гарнизондардың әскери прокурорлары қатысты. 

Өткен жылы әскери прокурорлардың басым күші Елбасының құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" принципін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталғаны айтылды. Бағдарламалық құжаттың іске асырылуы әскердегі қылмыстылықтың 11%-ға (424-тен 377-ге дейін) қысқартылуына септігін тигізді, - делінген ақпаратта. 

Ауырлығы орташа қылмыстар үш есеге, ал ауыр қылмыстар 8%-ға төмендеді. Әскери прокурорлармен қылмыстық істерге бастамашылық ету кезінде (8-ден 15-ке дейін) және жасырылған қылмыстарды анықтау бойынша оң нәтижеге қол жеткізілді.

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында әскерде заңдылықтың сақталуын, Қарулы Күштердің дамуын және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігімен жүргізілген тексеру нәтижесінде қару-жарақты сақтаудың барлық сатыларында жүйелік бұзушылықтар анықталды, Арыс қаласындағы қайғылы жағдайлар істің нақты жағдайын көрсетті, - делінген кеңейтілген отырыста.

Алқа отырысы барысында прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың басқа да мәселелері талқыланды, жекелеген әскери прокурорлар тыңдалып, Бас Прокурордың тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірленді.








Өзгелердің жаңалығы