Ақтөбеде отбасылық орталық ашылды

29 Наурыз 2019, 20:05
2085
Бөлісу:
Ақтөбеде отбасылық орталық ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шара «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде өтті. Бұл туралы Жоғарғы соттың ресми сайты хабарлады.

Жанжалдасушы ерлі-зайыптыларды және балаларды татуластыруға бағытталған отбасылық орталық қолайлы жиһазбен және ақпараттық материалдармен жабдықталған. Судьялардың, психологтардың және медиаторлардың әңгіме өткізіп, медиацияны іске асыруы үшін тиісті жағдайлар жасалған.

№ 3 соттың судьясы Алмагүл Сұлтанғалиева отбасылық жанжалдарды қарау кезінде дауларды реттеудің баламалы тәсілдерін кеңінен қолданудың қажеттілігі туралы айтты. Ол істі сот талқылауына дайындау барысында судья психологтың қатысуымен кәмелетке толмаған балалары бар тараптармен әңгімелесетінін де айтты. Мұның өзі жанжалдың деңгейін анықтап, татуластыру амалын айқындау мақсатында іске асырылады. Ал мүліктік сипаттағы даулар (мүлікті бөлу, мұрагерлік даулар) бойынша әңгімелер медиатордың қатысуымен өткізіледі.

Отбасылық соттарды құру неке-отбасы саласындағы істерді әлдеқайда мұқият қарауға, отбасының және кәмелетке толмағандардың түйткіл мәселелерін терең талдауға мүмкіндік береді.


Өзгелердің жаңалығы